Қостанай облысының тұрғындары жалған банк қызметкерлеріне алданып қалған

Полицияға облыстың бірнеше тұрғыны дереу жүгінді, олар өздерінің сенгіштігінен ақшаларынан айырылып қалған. 62 жастағы әйел банктің жалған қызметкеріне сеніп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алаяқ қоңырау шалып, жеке шотты қорғау сылтауымен бір банктен екінші банкке ақша аудару керек екенін айтты. Әйел жеке шотынан 7 млн теңгені шешіп, алаяқ көрсеткен шотқа аударды. Рудныйдың 45 жастағы тұрғыны да алаяққа сеніп қалған, ол әйелдің жеке деректерін пайдаланып, банктік шотынан 353 мың теңге шешіп алған. 

Кеншілер қаласының тағы бір  58 жастағы тұрғыны “банк қауіпсіздігі қызметкерінің” нұсқауларын орындап, банктік шот нөмірін берді. Алаяқ оны пайдаланып, 3,6 млн теңге әйелге несие рәсімдеді. Осындай схемамен алаяқтар 48 жастағы әйелді алдап кетті, оған 3,1 млн теңге несие ресімделді.  

Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша полиция ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы