Қостанай облысының су қоймаларында 1,15 млрд текше метр су бар
Бүгінгі таңда Қостанай облысының ірі су қоймалары 83%-ға толы және 1,15 млрд текше метр су бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті «Қазсушар» филиалының директоры Дәурен Әбдіхамитов мәлімдеді.
Соңғы алты айда филиал коммуналдық кәсіпорындарға 18,3 млн текше метр, шаруалар мен дихандарға 5,1 млн текше метр су жіберді.
Қаратомар су қоймасы мен су торабының жарықтандыру желілері, қақпалары мен су өткізетін бөлігі жөнделді. Жоғары Тобыл су қоймасының қақпасына жөндеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Жалпы, гидротехникалық құрылыстардың, су тораптарының жабдықтары мен механизмдерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлық,- деді Қостанай облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Дәурен Әбдіхамитов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл елордалық колледждерде қанша студент оқиды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы