Қостанай облысының прокуратурасы инвестордың проблемасын шешіп берді

Жүргізіліп жатқан жұмыс аясында Қостанай облысының прокуратурасы «Қостанай бекіресі» ЖШС тап болған проблемалық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандық инвестор 10 жұмыс орнын құрып, жалпы құны 180 млн теңгені құрайтын бекіре өсіру жобасын іске асыруда. Алайда, жобаның кезеңінде инвесторға қажетті инженерлік инфрақұрылымды жүргізу түрінде уәде етілген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмеген.

Осы проблемамен кәсіпорын облыс прокуратурасына жүгінді, өткізілген кездесу нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органға тиісті ұсыныстар бере отырып, инвестордың проблемалық мәселесін шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Прокуратураның үйлестіруімен мәселе шешілді, - деп жазды бақылаушы органнан.

Инвестициялық жобаны іске асыруды аяқтау мақсатында әкімдік қажетті инфрақұрылымды жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қаражат бөлді.

Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы