Қостанай облысының полицейлері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады
Қостанай полицейлері есірткі таратты деген күдікке ілінген іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай полицейлері есірткі таратты деген күдікке ілінген іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
5 қазанда "Заңсыз келуші – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде көші-қон қызметінің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарында іздеуде жүрген азаматты анықтады.
Бұл жағдайды полиция қызметкерлері осы азаматтың көші-қон қызметіне мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша жүгінген кезінде анықтады. Іздеуде жүрген адам ұсталды.
Қостанай облысының полиция департаменті "Заңсыз – келуші 2023" операциясының төрт күнінде полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам дерегін анықтағанын хабарлады. 16 шетелдік азамат елге 5 жыл бойы кіре алмайды.
Қазақстандық азаматтардың шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартуының 12 фактісі анықталды. Қазақстан Республикасының 70-тен астам азаматы тиісті орынға шетелдік азаматтардың келгені туралы уақытылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.