Қостанай облысының полицейлері 58 келіден астам марихуананы тәркіледі
"Қарасора 2023" жедел алдын-алу шарасы шеңберінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аймақ аумағында есірткі таратумен айналысқан 11 адамды ұстау бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция 58 келіден астам марихуананы тәркіледі. Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады.
Есірткі жалға алынған гаражда сақталған. Сонымен қатар өзгелерге тарату үшін шағын көлемде орама жасап отырған.
Қылмыстық топ қатысушылары 22 жастан 54 жасқа дейін. Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде 5 күдікті уақытша ұстау изольяторына қамауға алынды. Қалғандарына қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда бір жастағы бала терезеден құлады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы