Қостанай облысындағы тас жолда жол апатынан 4 адам ажал құшты
24 тамызда Қарабұтақ - Қостанай тас жолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан.
Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемей, жол қозғалысы үшін жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды.
ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің индустриялық даму үрдісі қандай?
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы