Қостанай облысындағы тас жолда 28 адам құтқарылды

Қостанай облысының Лисаковск қаласынан 11 шақырым жерде құтқарушылар республикалық маңыздағы "Қостанай - Қарабұтақ"» автожолында қиын жағдайға тап болған жолаушылар автобусына көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Шымкент - РФ" бағытымен келе жатқан автобус техникалық ақауға байланысты жолын жалғастыра алмаған. Салонда 28 адам, оның ішінде екі бала болған.

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің күшімен барлық жолаушы жедел түрде эвакуацияланып, жылыту пунктіне орналастырылды. Медициналық көмекке мұқтаждық болмаған.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы