6 Сәуір 2025 2025, 07:42 Фото: Фото: istockphoto.com

Қостанай облысындағы су айдынында балықтар жаппай қырылып жатыр

Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Тауш кентінің жанында орналасқан ауданы 768 гектар Татыр су айдынында балықтар қатып қалды.

Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Таушкентінің жанында орналасқан ауданы 768 гектарТатырсуайдынында балықтар қатып қалды. Бұл туралы ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінен мәлім етті, депхабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті органдардың деректері бойынша, су айдыны бекітілген және резервтік балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне кірмейді.Татыр көлі Жангелдин ауданы Жаркөл ауылдық округінің аумағында орналасқан, ең жақын елдімекен‒Таушауылы.

«Бұл жерге Тобыл-Торғайбалықшаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барды. Инспекция әкімдікпен бірлесіп, келешекте бітелудің салдарын жоюжәнеосындай жағдайларға жол бермеужөнінде шаралар қабылдайтын болады»,‒деді ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінде.