Қостанай облысындағы 2 ауылда бруцеллезге байланысты шектеу енгізілді
Эпизоотиялық ахуал тұрақты қадағаланып отыр.
Мамандар бас-аяғы 323 бас ірі қараны тексерген. Соның 23 бас сиырдан бруцеллез анықталып, барлығы санитариялық талаптарға сай сойылған.
Қостанай облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, Қазанбасы ауылында жоспарлы диагностикалық тексеру барысында ПТР әдісімен ауру жұқтырған мал анықталған.
Қазір екі ауылда індет ошағын жоюға және аурудың таралуына жол бермеуге бағытталған сауықтыру шаралары жүргізіліп жатыр. Оның аясында малға диагностика жасалып, ауру жұқтырғандары санитариялық союға жіберіледі.
Сонымен қатар ветеринариялық-санитариялық өңдеу жүргізіліп, малдың орын ауыстыруы бақылауға алынып, эпизоотиялық ахуал тұрақты қадағаланып отыр.
Ветеринария басқармасының мәліметінше, Әулиекөл ауданындағы ахуал біртіндеп жақсарып келеді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мал арасындағы бруцеллездің таралу деңгейі 1,9 пайыз болса, биыл сол кезеңдегі көрсеткіш 0,8 пайызға дейін төмендеген.
- Алматыда ескі автокөліктерді жаңасына ауыстыру бағдарламасы енгізілуі мүмкін 10:15
- Қылмыс жасалмай тұрып анықталады: Қазақстанда жаңа жүйе іске қосылды 09:53
- Бірінші Құрылтайға кімдер барады? 545 кандидаттың портреті 09:32
- Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты: Полиция тергеу бастады 09:14
- Биыл Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша 7 жоба іске қосылды 08:56
- Қазақстанда жаңа өнім астығының түсімі төрт есеге жуық артты 08:40
- Қазақстан құрамасы халықаралық география олимпиадасында екінші орын алды 08:22