31 Наурыз 2023 2023, 02:17 Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қостанай облысында жылу трассасына соғылған жүргізуші қаза тапты

Қостанай облысында жүргізуші жылу трассасына соғылды, деп хабарлады BAQ.KZ полицияға сілтеме жасап.

Қостанай облысында жүргізуші жылу трассасына соғылды, деп хабарлады BAQ.KZ полицияға сілтеме жасап.

30 наурыз сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мерт болды.

Қазір аталған дерек негізінде ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД.