Қостанай облысында жол апатынан екі көлік жанып кетті
Бүгін сағат 10.30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ автожолдың 275-шақырымында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Нәтижесінде ол қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Газель" автокөлігімен соқтығысты, содан кейін екі көлік өртеніп кетті. Жеңіл автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
"Газель" жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта полиция ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген "ЖҚЕ бұзу"сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалады.
Қостанай облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысын және, әсіресе, жылдамдық тәртібін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.
Абай болыңыз, өміріңіз өз қолыңызда!
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық банк TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын шығарды
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы