Қостанай облысында жол апатынан егіз балалар мен анасы қаза тапты

Жол апаты ақпанның 7 күні Қостанай-Қарабұтақ тас жолының 470 шақырымында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі алдындағы машинаны басып озғысы келіп қауіпсіздікке көз жеткізбестен қарсы қозғалыс жолағына шығып, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты: 9 жасар балалар және олардың 33  жастағы анасы. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Осы оқиғаға қатысты ҚК 345-бабы 4-бөлімі  "Жол жүру ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы