Қостанай облысында жол апаты орын алып, 2 адам көз жұмды

Бүгін Алматы-Екатеринбург республикалық тас жолының 400-шақырымында жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 15:00 шамасында Ford көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford жүргізушісі мен оның жанындағы жолаушысы алған жарақаттарынаноқиға орнында көз жұмды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, яғни «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыркүйек айында өңірде алты жол-көлік оқиғасы орын алып, жеті адам қаза тапқан, тағы төрт адам жарақат алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы