Қостанай облысында жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылды
Қостанай облысының полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді Аманқарағай ауылынан тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16 сәуірде Боровской мектеп-интернатынан шығып жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім Рустам Ташмағамбетовті полиция 17 сәуір кешке тапты.
Ол Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылында туыстарының үйінде болған.
Жасөспірім үйін сағынған. Сол себепті білім беру нысанынан шығып, жолға шыққанын айтты. Қазіргі уақытта тәрбиешілер мен психологтар кәмелетке толмаған оқушымен жұмыс істеуде.
Кеше, Қостанай облысында полиция 15 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр деген ақпарат берген болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі күннің валюта бағамы
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы