Кеше 2026, 23:55 Фото: instagram.com/mendiqara_qostanai_media

Қостанай облысында жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қостанай облысында үш күн бойы іздестірілген 29 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Меңдіқара үні басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Боровское ауылы маңында тіркелген. 24 сәуір күні кешке оның денесі Мормыш көлінің су аймағынан өмір белгілерінсіз табылған.

Іздеу жұмыстарына еріктілер, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Құтқару тобы оқиға орнына азамат жоғалғаны туралы хабар түскен сәттен бастап аумақты тексерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.