Қостанай облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 8 нысан салынады
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Қостанай облысында 7 200 оқушыға арналған 8 мектеп салынады. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыс әкімі өңірде сапалы білім беру ортасын құру үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын жазды.
Жаңа заманауи мектептер салынады. Мысалы, келесі жылы облыс орталығының 2 шағын ауданында оқушыларға жаңа мектептер ашылады. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін Қостанай, Рудный, Арқалық, Тобыл қалаларында, Заречный және Құсмұрын кентінде 7 200 орындық тағы 8 жаңа мектеп салу жоспарланған, - деп жазды облыс әкімі Іnstagram-дағы парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда есірткі сатушы мен порностудия иесі ұсталды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы