12 Шілде 2025 2025, 23:45
Фото: istockphoto.com
Қостанай облысында үш адам мінген автокөлік суға батып кетті
Қостанай облысында жол апаты салдарынан үш адам мінген көлік өзенге батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облысында жол апаты салдарынан үш адам мінген көлік өзенге батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 10 шілде күні Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Қарынсалды ауылының маңында болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша жолаушылар көлігі Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
Куәгерлердің айтуынша көлікте үш адам, оның ішінде бір бала болған.
Іздестіру-құтқару жасағы оқиға орнына тез арада кетті. Құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан үш адамның да денесі табылып, шығарылды.