17 Ақпан 2026, 11:22 Фото: видеодан скриншот

Қостанай облысында тұрғын үй подъезіне түлкі кіріп кеткен

Жабайы түлкі подъезде баспалдақ бойымен ары-бері жүгіріп, адамдарды шошытқан.

Әлеуметтік желіде Қостанай облысы Рудный қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі подъезде түлкі жүргені туралы видео тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тұрғындардың бірі жабайы жануарды видеоға түсіріп алған. Видеодан көрінгендей, жабайы түлкі подъезде баспалдақ бойымен ары-бері жүгіріп, адамдарды шошытқан.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда азаматтар жергілікті атқарушы органдарға, әкімдікке хабарласа алады.

Сондай-ақ сақтық шараларын ұстанып, жабайы жануарлардан құтырма ауру жұғуы мүмкін екенін ескертеді.

Еске салайық, бұған дейін Баянауылда адамнан қорықпайтын түлкі жұртты таңғалдырған еді.