Қостанай облысында төтенше жағдай енгізілуі мүмкін
Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 4 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жоғары температура 28 градусқа дейін, желдің жылдамдығы секундына 9 метрге дейін сақталады.
3 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, оның ішінде ауа температурасының 36 градусқа, желдің жылдамдығы 23 метрге дейін көтеріліп, өрт аумағы 9 400 гектардан асты. Әулиекөл ауданындағы орман алқабының жалпы ауданы 40 000 га.
Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Озерное ауылынан (250 адам) және Аманқарағай ауылынан солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам), Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды.
Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланған адамдарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды.
ТЖ министрлігі мен ТЖ департаментінде жедел желі ашылды, психологтердің жұмысы ұйымдастырылды.