Қостанай облысында тінту барысында 200 000 доллардан астам криптоактивтер табылды
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті 200 мың долларға крипто активтер тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті "KZobmen.com", "1WM.KZ", "Kazobmen.ru", "WM007.KZ", "KZ-EXCHANGE.COM" крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО алаңынан тыс, цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті, - делінген хабарламада.
Жүргізілген ЖІШ нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында жоғарыда көрсетілген крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: Ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) алынды. Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды. Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 000 доллардан астам криптоактивтер табылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.