Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі

Денисов кәсіптік-техникалық колледжінің аумағында сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін Денисов аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараның негізгі мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою.

Өткізелетін іс-шараларға байланысты Маслозаводская – Целинная - Элеваторная көшелеріндегі қозғалысқа шектеу шаралары жасалады.

Сарыкөл ауданының тұрғындарынан сабырлық сақтауға және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы учаскеде жүруден бас тартуды сұраймыз, - деп жазды Терроризмге қарсы Қостанай облысының Денисов аудандық жедел штабы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы