Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі
Бүгін Лисаков қаласының аумағында «Деко» сауда орталығы сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін Лисаков қалалық терроризмге қарсы жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның негізгі мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою.
Өткізілетін іс-шараларға байланысты Комсомольская көшесі мен Сәтбаев көшесіндегі қозғалысты шектеу шаралары көзделген. Лисаков қаласының тұрғындарынан сабырлық сақтауға және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы аумақта болудан және жүруден бас тартуды сұраймыз, - делінген Терроризмге қарсы Қостанай облысының Лисаков қалалық жедел штабы таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада "Музей түні" акциясы өтеді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы