Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Бүгін Бейімбет Майлин атындағы жалпы білім беретін мектептің аумағында сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штаб оқу-жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою.
Өткізілетін іс-шараларға байланысты Жабағы батыр көшесінде, Б.Майлин көшесінде, Комсомольская көшесінде қозғалысты шектеу шаралары көзделген.
Азаматтардан сабырлы болуды және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы учаскеде болудан және қозғалудан бас тартуды сұраймыз, - деп хабарлады Бейімбет Майлин ауданының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Валюта бағамы: Елімізде доллар мен еуро арзандады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы