Қостанай облысында теміржол өткелінде жол апаты болды: қаза тапқандар бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында теміржол өткелінде жол апаты болды.
Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
11 шілдеде сағат 14.35-те Қостанай облысының Тобыл-Құсмұрын учаскесіндегі Тобыл станциясының теміржол өткелінде жол апаты болған.
Куәгерлердің айтуынша, "Жигули" автокөлігінің жүргізушісі алдында тұрған көліктерді айналып өтіп, келе жатқан жүк пойызының алдына, теміржолға шығып кеткен. "Алау" порталының мәліметінше, жол апаты салдарынан жүргізуші мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болған.
Пойыз сағатына 57 шақырым жылдамдықпен келе жатқан.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да оқиғаның себептері мен мән-жайын тексеру үшін комиссия құрылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көпбалалы ана «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсібін жүргізіп отыр
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы