Қостанай облысында соңғы алты жылда 230 мың гектар алқап мемлекетке қайтарылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында соңғы алты жылда 230 мың гектар алқап мемлекетке қайтарылған, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Бұған егін салып, мал өсіру үшін деп жерді жалға алғандардың, оны тиімді пайдаланбауы себеп. Мамандардың айтуынша, иелік еткендер кәдеге жаратпаған жердің дені жайылым мен шабындық.
Мысалы, бір ғана Амангелді ауданында мал өсіруге арналған 86 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Жалпы Қостанай облысында ауылшаруашылық мақсатына пайдаланылатын жердің көлемі 11 млн гектарға жуықтайды.
Енді біздің тексеріс жұмыстарын өткізгеннен кейін қолданатын шара - бірінші айыппұл салынады. Сосын бір жылға нұсқама беріледі. Бір жылдың ішінде жер иесі жерді тиісті мақсатына пайдалануы керек. Пайданаланбаған жағдайды бір жылдан кейін мемлекетке қайтарылады, – облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Нұрлан Смағұлов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да 4 шетелдікті елден шығарды
Келесі жаңалық
Сегіз адам қар құрсауынан құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы