Қостанай облысында шетел азаматы қар құрсауынан құтқарылды

Қостанай облысында Целинное ауылынан шамамен 2 шақырым қашықтықта орналасқан дала жолында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көліктің ішінде шетел азаматы болған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару күштері жедел түрде жіберілді.

Құтқарушылардың шұғыл әрі үйлесімді әрекетінің арқасында автокөлік қардан сәтті шығарылды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы