8 Қаңтар 2025, 20:09
Фото: Polisia.kz
Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады
Әулиекөл ауданында жанармай құю станциясына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әулиекөл ауданында жанармай құю станциясына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бетін шарфпен орап, қалпақ киген белгісіз адам операторды пышақпен қорқытып, ақша талап етті.
Күдікті әйелді қорқытып, күш қолданып 33 мың теңгені алып кеткен.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында 41 жастағы күдікті ұсталды.
Қазіргі уақытта қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді.
Осы қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
- 7 қазанға валюта бағамы 01:22
- Шымкентте 150 адамға арналған оңалту орталығы ашылды 00:54
- OpenAI компаниясы ChatGPT жазған мәтінді анықтайтын белгі енгізбек 06.10.2026
- Талдықорғанда 5 жасар қызын қауіпті жағдайда тасымалдаған әке жауапқа тартылды 06.10.2026
- Астанада 5 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталады 06.10.2026
- Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең ойнады 06.10.2026
- Көлік жүргізушілеріне ескерту: алдағы күндері жолдар тайғақ болуы мүмкін 06.10.2026