Қостанай облысында өрт-құтқару спортынан чемпионат өтіп жатыр

Өрт-құтқару спортынан жазғы республикалық чемпионаттың екінші күні жасөспірімдер арасындағы шабуыл сатысымен көтерілу және ерлер мен әйелдер арасындағы кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеру атты екі тартысты және әсерлі жаттығуға арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатысушылар кедергілерден ғана өтіп қоймай, техникалық әрекеттерді де нақты орындауы қажет болды: жеңқұбырды жаю, оқпанды қосу және мәрені мейлінше тиімділікпен кесіп өту. Жүлделі орындар үшін күрес соңғы секундтарға дейін жалғасты.

Жарыстар жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің зор қызығушылығын тудырды. Чемпионат барысын республикалық, облыстық, жергілікті және халықаралық БАҚ өкілдері де қарады.

Чемпионат жалғасуда. Алда спортшыларды командалық кезеңдер күтіп тұр, онда үйлесімді әрекет, дұрыс стратегия және командалық рух шешуші рөлді атқарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы