13 Қараша 2026, 22:24 Фото: depositphotos.com

Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жол қозғалысын 14 қараша күні сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланған.

Қостанай облысында бес автожол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

2026 жылғы 13 қарашада сағат 21:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар бес автожол учаскесінде жазғы дөңгелекпен жүрген көліктердің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілді.

Атап айтқанда, төмендегі жол учаскелерінде қозғалыс тоқтатылды:

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 418–539-шақырымы (Қарабалық – Қостанай);
  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 7–218-шақырымы (Тобыл – Октябрьское);
  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 427–549-шақырымы (Қостанай – Денисовка);
  • «Қостанай – Мамлютка» автожолының 250–403-шақырымы (Ұзынкөл – Тобыл);
  • «Денисовка – Жітіқара» автожолының 0–50-шақырымы (Денисовка – Жітіқара).

Жол қозғалысын 14 қараша күні сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланған.