Кеше 2026, 23:50 Фото: freepik

Қостанай облысында екі тасжолда қозғалыс уақытша шектелді

Шектеу 16 наурыз сағат 23:00-ден бастап барлық көлік түрлеріне қатысты енгізілді.

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шектеу 16 наурыз сағат 23:00-ден бастап барлық көлік түрлеріне қатысты болады.

Қозғалыс келесі учаскелерде тоқтатылады:

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 555-682 шақырымы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті);
  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218 шақырымы (Тобыл қаласы – Октябрьское кенті).

Алдын ала мәлімет бойынша, жол қозғалысын 2026 жылғы 17 наурыз сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.