Қостанай облысында екі адамды қатыгездікпен өлтірді деген күдікті ұсталды
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында полицейлер отбасына қарсы аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген 51 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыс жазасыз қалмайды. Кінәлі заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады, - деп хабарлады Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ерлан Сералин.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында екі адамның өлімі өңірді дүр сілкіндіргенін хабарладық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 қазаннан бастап не өзгереді?
Өзгелердің жаңалығы