Қостанай облысында дала өртеніп, қатты жел өрт сөндіруге кедергі келтірді

ТЖМ Командалық орталығының жедел штабында ғарыштық мониторинг барысында Жангелдин ауданының Милысай ауылы мен Қамысты ауданының Бестау ауылы арасындағы ашық аумақта құрғақ шөптің жануы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өртті сөндіруде екпіні қатты жел қиындатып отыр. Дегенмен өрт сөндіру бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен іс-қимылы арқылы өрт ошағының шеті жыртылып, жалынның таралуына жол бермеу шаралары жүргізілуде, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Дала өртіне өңірдің ТЖД күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар және орман шаруашылығы жұмылдырылған. Жағдайды жедел бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

Өрттің нақты аумағы анықталуда. Оны жою жұмыстары жалғасуда. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы