Қостанай облысында бұрынғы асфальтбетон зауытының аумағында битум өртенді
27 сәуірде сағат 15:36-да «101» пультіне Федоров ауданының Федоровка ауылында Победа көшесі бойында бұрынғы асфальтбетон зауытының аумағында битум жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша өрт шалған аудан 800 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, өрт 2 гектар аумақтағы құрғақ шөпке тиіп, тез таралды. Каустикалық қою түтіннің әсерінен өртті сөндіруде белгілі бір қиындықтар туындады.
ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтер күштерінің күшімен сағат 17:55-те жалынды оқшаулауға қол жеткізілді. Сағат 19:10-да өрттің оқшауланғаны ресми жарияланды. Өрт орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 7 адам және 2 техника, "Водстрой" МКК - 3 адам, 3 су тасымалдаушы көлік, жергілікті атқарушы орган тарапынан 5 адам, жергілікті полициядан 2 техника, 4 адам жұмыс істеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда садақ атудан турнир басталды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы