Қостанай облысында бір тәулікте үш көлік өртенді

Қостанай облысында бір күнде үш жеңіл көліктің жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бірінші оқиға Қостанай қаласындағы гараж кооперативінің аумағында болды. Құтқарушылардың күшімен өрттің басқа автомобильдерге таралуына жол берілмеді.

Екінші оқиға Арқалықта орын алды. Құтқарушылар өртті шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде сөндірді. Түнде Меңдіқара ауданы Боровское ауылынан 15 шақырым жерде Республикалық маңызы бар "Қостанай-Мамлютка" тас жолында автокөлік өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға туралы хабарланған сәттен бастап 28 минут ішінде өртті жойды, - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік төтенше жағдай орын алған жағдайда "101" немесе "112" нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы