Қостанай облысында бәйге маусымы ашылды

Қостанай облысында биылғы аламан бәйге маусымы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Жарысқа республиканың бірнеше аймағынан танымал атбегілер қатысты. Олар баптап әкелген сәйгүліктер дәстүр бойынша 4 түрлі қашықтықта жарысты. Бұл жолғы бәйге бәсекесі Қостанай жылқы зауытының 135 жылдығына арнап өткізілді. Қостанайда жыл сайын мамыр айында ат жарысын өткізу дәстүрге айналған. Жергілікті атбегілер бұл маусымға тыңғылықты дайындықпен келеді. Бәйгеге түсетін қылқұйрықтардың барлығы да биыл құрылғанына 135 жыл толған «Қазақ тұлпары» жылқы зауытында өсірілген.

4 бағыттағы 1800-5000 құнан және де аламан бәйгеміз бар. Бірінші қашықтыққа бізде 9 жылқымыз шықты. Ол Ақмола облысынан және Қарағанды облысынан және біздің Қостанай облысынан да көбі 70% Қостанай облысынан жылқы тұқымы қатысады, - дейді «Қазақ тұлпары» ЖШС басқарма төрағасы Айгүл Амандықова.

Жүйріктердің жүйрігі 4 қашықтық бойынша анықталды. Аламанда оза шапқан шабандоздар республикалық сында өңір намысын қорғамақ.

80 млн қаржы қоры бөлінген. Бірінші бәйнеге – 16 млн. Бұл жерде 2 классикалық қысқа ұшқыр жарыс, құнан 1000 метрге. содан кейін 3 жасар аттар 1800 метрге шабады. Содан кейін құнан бәйге – 5 шақырым, аламан бәйге – 18 шақырым. Сол 4 қашықтыққа 16 млн ақша бөлініп отыр, - дейді Қостанай облыстық ат спорты федерациясының вице-президенті Нұрбол Әбдірахманов.

Жарыста Қарағанды мен Ақмола облыстарының командалары да бақ сынады. Аламан бәйге кезінде ат жарысынан бөлек, қашықтыққа жүгіру, қыз қуу, теңге алу және аударыспақ сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар да өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы