Қостанай облысында ауылды жерлерде жыл сайын үй салынатын болады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін «Жас Шаңырақ» бағдарламасын қаржыландыру 3 есеге артқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі басым бағыт болып табылады.

Ағымдағы жылы облыста барлық қаржыландыру көздері есебінен 500 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4,3 мың пәтер салынады.

Ел тұрғындары үшін үй мәселесі өзектілігін жойған емес. Биыл біз «Жас Шаңырақ» бағдарламасын қаржыландыруды 3 есеге ұлғайтып, 2,1 млрд теңгеге дейін жеткіздік. Бағдарлама жыл сайын қаржыландырылатын болады. Бұл шара көптеген жас азаматқа жеке тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті өңір басшысы.

Ауылдық жерлердегі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жыл сайын үй салу бойынша тапсырма берілді. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Архив
Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы