Қостанай облысында Әулиекөл мен Тобыл арасындағы жол ашылды
Қостанай облысында Әулиекөл мен Тобыл қаласы аралығында жол ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл аралық кеше кешкісін күн райына байланысты жабылып, барлық техникаға шектеу қойылған еді. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында Қостанай облысының шекарасы мен Тоқсан би ауылына дейінгі жол да ашық. Жамбыл облысында Мерке-Шу-Бурылбайтал аралығы әзірге жабық. Жел саябырласа, сағат 08:00-де ашылуы тиіс.
Жолаушыларға қандай да бір көмек қажет болса 1403 байланыс номеріне хабарласуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Өзгелердің жаңалығы