Қостанай облысында астық тиеген жүк көлігі аударылып, жолды жауып қалды

Қостанай облысына қарасты Екатеринбург – Алматы М-36 тасжолында астық тиеген жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік апаты жолдың 535-шақырымында, Арман ауылына жақын жерде болған.

30 тоннаға жуық астық тиеген «МАЗ» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі көлікті жалғыз жүргізіп келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, рөлді басқара алмай қалған, - делінген хабарламада.

Құжаттарды тексеру барысында полицейлер көліктің облыстық ЖШС-інің бірінде тіркелгенін анықтады.

Көлік кранның көмегімен жолдан алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы