Қостанай облысында ағаш отырғызу акциясы өтті

Қостанай облысында Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу аясында «Отбасы ағашы» республикалық ағаш отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акцияға Қостанай облысының үлгілі және жас отбасылары, жастары мен еріктілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты - отбасылық дәстүрлерді нығайту, сонымен қатар экологиялық тәрбиені дамыту.

Бұған қоса, бүгін адамгершілік құндылықтарын жаңғырту және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң имиджін қалыптастырып, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауы басталды.

Жобаның негізгі мақсаты - отбасы институтын нығайту, жауапты некенің маңыздылығын ұғынып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: қоғамдық даму басқармасы
Өзгелердің жаңалығы