Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің орынбасары В.Сошниковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда аталған лауазымды тұлғаға қатысты Қостанай облысының Федоров аудандық сотының үкімі заңды күшіне енді.
В.Сошников пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Ол алған парасының 30 еселеген сомасы көлемінде, яғни 4,5 млн теңге сомасында айыппұл төлеуге тартылды.
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50%-дан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымдық қызметт атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы