Қостанай облысында 90-нан астам адам эвакуацияланды
Қостанай облысында полицейлер 90-нан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлер құтқарушыларға Қарасу ауданындағы Қарамырза кентінің тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті. Олардың арасында балалар, әйелдер және мүгедектер бар.
Өз бетінше қозғала алмайтын тұрғындарды полицейлер түрлі құралдарды пайдалана отырып, көтеріп алып шықты.
Қарасу ауданының полиция бөлімінің бастығы Руслан Төлеубаевтың айтуынша, ер адамдар су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге қалған.
Қараусыз қалған үйлер жергілікті полицияның бақылауына алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін тоғыз қалада ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы