Қостанай облысында 51 үйді әлі су алып жатыр
Бұл туралы Республикалық ақпараттық штаб брифингінде Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Диас Қабдушев баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
51 жер үйді су алып жатыр. Олардың 30-ы Қостанай қаласында, 2-еуі Қарасу ауданының Қарамырза ауылында, 19-ы Қостанай ауданының Алтынсарин мен Мичурин ауылдарында, - деді басқарма басшысы.
Қазір облыс бойынша 9114 адам эвакуацияланды.
Уақытша орналастыру пунктінде 189 адам бар, қалғандары туыстарының үйінде, - деді ол.
Диас Қабдушев залалды бағалау, сондай-ақ барлық зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі комиссиялардың жұмысы жалғасып жатқанын жеткізді.
Мал өлімі бойынша өтемақы төленеді. Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, өлген 214 бас малға ақы төленген. Қазіргі уақытта 200 млн теңге әлеуметтік көмек 1051 отбасына төленді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев пен Пашинян сауда-экономикалық мәселелерді талқылады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы