Қостанай облысында 44 адам жылыту пунктіне жеткізілді

Қостанай облысында жол жабылуына байланысты 44 адам жылыту пунктіне жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысының Қарабалық ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы – Екатеринбург» автожолының 318-539 шақырым аралығында, Қарабалық кентінен Ресей Федерациясының шекарасына дейін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Осыған байланысты «Челябинск – Тәжікстан» бағытымен келе жатқан автобус жолда тоқтатылды. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 44 адам, оның ішінде 12 бала, жедел түрде жылыту пунктіне орналастырылды.

Жолаушыларға барлық қажетті жағдай жасалып, ауа райы жақсарғанға дейін қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Төтенше жағдайлар қызметі қолайсыз ауа райы кезінде жолға шығар алдында автожолдардың жағдайын нақтылап, өзіңізбен бірге жылы киім мен қуатталған ұялы телефон алып жүруге кеңес береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы