Қостанай облысында 100 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Қостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстап, одан 100 млн теңгеден астам соманың синтетика партиясын тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдіктіні ұстау бойынша операция Тобыл қаласында "Қарасора - 2023" жедел алдын-алу шарасы шеңберінде жүргізілді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тобыл қаласында полиция қызметкерлері тінту кезінде 3 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеген күдіктіні ұстады. Бұдан басқа, 2 мыңнан астам оралған синтетика тәркіленді, бұл аса ірі көлемді құрайды, - деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат - "мефедрон" синтетикалық препараты.

Қостанай облысында "Қарасора - 2023" жедел алдын-алу шарасы өткізіле бастағаннан бері 10 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы