Қостанай облысы. Омикрон жоқ, бірақ вирус жұқтырған бала саны көбейіп барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында коронавирус жұқтырған балалар көбейіп барады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы осылай деп дабыл қақты.
Қазір 900-ге жуық бүлдіршіннен індет анықталды. Бірақ омикрон аймақта тіркелген жоқ. Дегенмен өңірде коронавирусқа шалдыққан науқастардың ем қабылдауына арналған 1500 төсек орын дайын тұр. Тұрғындарға екпе салу жұмыстары жалғасып жатыр. 70 мыңнан астам адам ревакциналаудан өтті. Pfizer вакцинасының алғашқы компонентін 8 жарым мыңнан астам адам салдырған. Оның 1 жарым мыңнан астамы жүкті әйелдер. Қалғаны – жасөспірімдер. Екпенің екінші бөлігін 5 мың адам салдырған - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2022 жылы саяхаттауға ең қауіпті елдер анықталды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы