Қостанай облысында індет жұқтырған соңғы 2 науқас жайлы мәлімет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы екі науқас жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.
Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам анықталды. 2020 жылғы 17 сәуірде 48 және 49 жастағы Жітіқара қаласының тұрғындарында COVID-19 диагнозы расталды. Ер адамның біреуінде карантинге алынған азаматтарды тексеру кезінде расталды. Екіншісінде бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болғаннан туындады. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем-шаралары жүргізіліп жатыр - делінген хабарламада.
Облыста жалпы 17.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 адам тіркелген.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.