Қостанай облысы аумағында бруцеллез тіркелді

Жергілікті атқарушы органдар аурудың анықталуына байланысты шектеу енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. 2025 жылдың 10 ақпанына дейін талқылау өткізіледі.

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округі Славенка ауылындағы "А. С. Кузьминых" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу шаралары белгіленсін, – делінген құжатта.

Сондай-ақ ветеринарларға жаңадан анықталған эпизоотиялық ошақта қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу қажет болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы