Қостанай облысы әкімінің орынбасарлары қысқарды

Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ионенко Виктор Николаевич және облыс әкімінің тағы бір орынбасарының бос лауазымы қысқартылды. Олардың лауазымдық міндеттері облыс әкімінің қазіргі орынбасарларына бөлініп жүктеледі, - деп түсіндірді аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Қостанай облысы әкімінің бес орынбасары болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы