Қостанай мен Тобылды байланыстырып тұрған көпірді тасқыннан сақтап қалған кімдер?

Қостанай мен Тобылды байланыстырып тұрған көпірді тасқын бұза алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жұмысқа құтқарушылармен қатар тұрғындар мен еріктілер көмектескен. 

ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Нұрхан Қабыкен су тасқыны басталғалы Қостанайда құрылған жедел штабта қызмет етіп жатыр. Құтқарушының жақындарын көрмегеніне бір айға жуықтады. Олар мұнда судың ағысын бұрумен әуре. Орталық көпірді тасқын бұза алмауының да себебі сонда.

Шыны керек, бұл жердегі барлық қызметкерлер отбасы болсын, ата-анасы, балаларын болсын тәуліктеп көрмеген. Ал аудандарға көмектесуге кеткен құтқарушылар жарты айлап отбасын көрмеген, - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 

5 сағаттық хабар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар және қызыл су зардабымен күрескен құтқарушылар, еріктілер, дәрігерлер, бейжай қалмаған тұрғындар жайлы болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы