Кеше 2026, 21:40 Фото: Қазавтожол

Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында жол жабылды

Жолды 2026 жылы 18 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

"ҚазАвтоЖол" үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысы:

2026 жылғы 17 наурыз сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу шектеу енгізіледі: 

- "Қостанай — Әулиекөл — Сұрған" автожолының 8 — 218 шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Октябрьское ауылы); 

- "Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы" автожолының 555 — 682 шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Сарыкөл ауылы). 

Жолды 2026 жылы 19 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысы:

2026 жылғы 17 наурыз сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы" автожолының 1153 — 1240 шақырым аралығында (Ырғыз ауылы — Қызылорда облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. 

Жолды 2026 жылы 18 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Қызылорда облысы:

2026 жылғы 17 наурыз сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы" автожолының 1240 — 1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қаласы) жүк және қоғамдық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. 

Жолды 2026 жылы 18 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.